Стадион көрерменге лық толы болды
Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында өткен «Қайрат» – «Ақтөбе» матчына жүздеген жанкүйер кіре алмады деп жазды Instagram желісіндегі goalkz_official парақшасы. Сондай-ақ, аталған аккаунтта наразы жанкүйерлердің видеосы да жарияланды.
«Билеттері бар жүздеген жанкүйер бүгінгі ойынға кіре алмай қалды. Бос орындар болса да, матч басталарда стадионды жауып тастады. Бұндай циркті бірінші рет көруіміз», - деп жазылған аталған видео астына.
Әзірге «Орталық» стадионның әкімшілігі де, «Қайрат» клубының өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме бермеді.
Ал, матч болса 3:1 есебімен «Ақтөбенің» жеңісімен аяқталды.