Білікті маманға шымкенттіктер қызығушылық танытқан
Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубы бас бапкер Әли Әлиевке қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін оның отставкасы туралы қоғамда сыбыс тараған боатын.
Клубтың баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін жазды.
«Құрметті жанкүйерлер! «Қызылжар» ФК сіздерді БАҚ-та тарап жатқан фэйк ақпаратқа сенбеуге шақырады. Бас бапкердің қызметінен кеткені шындыққа жанаспайды. Әли Әлиев бұрынғыша қызметін атқаруда және команданы «Атырауға» қарсы ойынға дайындап жатыр», - делінген аталған мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жаңа бапкер іздеп жатқаны ресми хабарланған болатын. Ел чемпиондары Әли Әлиевке ұсыныс жасаған көрінеді.