![«Каспий» футбол клубының басшысы ауысты](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/30/66308694a50e0794699288.jpeg)
Былтыр аталған клуб ҚПЛ-де төмен нәтиже көрсетіп, бірінші лигаға түсіп қалған
Ақтауда «Каспий» футбол клубы басшылығы ауысып, Нұржан Жалғасбаев директор қызметіне тағайындалды.
Жаңа басшы Нұржан Жармедетұлы 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ иновациялық-гуманитарлық Заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазіргі уақытта «Каспий» ФК бірінші лигада өнер көрсетеді. Былтыр ҚПЛ ойындарында өнер көрсеткен ақтаулық клуб төменгі нәтижені көрсетіп, төменгі дивизионға түсіп қалған болатын.