Ол – Қайрат Сатыбалдының қайынатасы
«Ордабасы» клубының бұрынғы президенті Бақтияр Байсейітовті Интерпол іздестіріп жатыр деп жазды ҚазТАГ агенттігі. Оған Қаратау кенішінде жұмыс істеп жатқан компанияның қаражатын жымқырды деп айып тағылған.
«Антикор іздестіріп жатқан «Iri building» ЖШС-нің иесі – Қайрат Сатыбалдының қайынатасы», - делінген аталған хабарламада. Шетелге қашып кеткентікден оны қазір Интерпол іздестіріп жатыр екен.
«Қазатомпром» Ұлттық компаниясының еншілес компаниясы саналатын «Қаратау» ЖШС-нің және «Iri building» ЖШС-нің бұрынғы басшыларына қатысты Антикор тергеу жұмыстарын аяқтаған. Оларға 2019-2021 жылдар аралығында 862 млн теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Аталған қаражат Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Қаратау уран кенішіндегі кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына жұмсалуы тиіс болған.
Еске салайық, Бақтияр Байсейітов 2017 жылдан бастап «Ордабасы» клубына президент болған. Ол клубты 5 млрд теңге қарызға кіргізіп кетті. Аталған қарызды тек биыл ғана Шымкент қаласының әкімдігі төлеп құтылды.