Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Әйгілі Роналдо қазақ футболшысын өз командасына қосты

30.04.2024, 23:24

Ол жыл басынан бері испан комндасының сапында жүр

Әйгілі Роналдо қазақ футболшысын өз командасына қосты
коллаж: 1bol.kz

Бразилия құрамасының аңыз футболшысы Роналдо Испанияның «Вальядолид» иелік ететіні белгілі. Аталған клуб 18 жастағы қазақ футболшысымен толықты.

Испан клубы Қазақстанның жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Мохаммед Еңсенбаевтың трансфері туралы хабарлады. Алматы қаласының тумасы «Жас Қыран» және «Елімай» клубтарында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол Бірінші лигада семейлік клуб сапында 16 матч өткізіп, 2+3 ұпай жинаған.

Еңсенбаев 2024/25 маусымда Испанияның төртінші лигасында өнер көрсететін «Вальядолид Б» клубында ойнайды. Дубльдің негізгі командамен келісімі бар, сондықтан жерлесіміздің негізгі клубқа ілігуге толық мүмкіндігі бар.

Негізгі «Вальядолид» маусымның аяқталуына бес тур қалғанда Сегундада екінші орында келеді және Ла Лигаға шығудан үмітті. Ал, Ла Лигада клуб барлығы 45 маусым өткізген, соңғы рет 2022/23 маусымда ойнаған. 2018 жылдан бері клуб аңыз футболшы Роналдоға тиесілі (акциялардың 82 пайызы).

Еңсенбаев «Вальядолидте» жыл басынан бері жүргенімен, қыста трансфердің жүзеге асуына құжаттардың дұрыс болмауы кедергі болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам