Нысанның бағасы 21 млрд теңгеге жуықтайды
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаланың сол жағалауында бір мезетте 10 мың жанкүйер тамашалайтын жаңа стадионның іргетасын қалады.
Стадион УЕФА-ның барлық талабына сай, табиғи алаң төселіп, жоғары категориялы футбол ғимараты болмақ.
Еуропалық стандартқа сәйкес келетін заманауи стадионның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан құрамасының капитаны, «Қайсардың» түлегі Асхат Тағыберген қатысты.
Жобаның сметалық құны – 20,9 милиард теңгені құрайды деген ақпарат бар. Жаңа спорттық нысанда негізінен жергілікті «Қайсардың» кездесулері өтеді. Сондай-ақ су жаңа стадионда мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу де жоспарланып отыр.