Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Бауыржан Исламхан «Қайратқа» оралуы мүмкін

05.11.2023, 23:19

Шымкенттік «Ордабасыда» ол жалақысын ала алмай жүр

Бауыржан Исламхан «Қайратқа» оралуы мүмкін
ҚФФ ресми сайты

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан осы қыста Алматының «Қайратына» қайта оралуы мүмкін деп жазады Vesti.kz.

Шымкенттік клубтың қаржылық проблемасы бары бұған дейін хабарланған. Ойыншылар үшінші айдан бері жалақысын ала алмай келеді. Оның үстіне, жақын уақытта «Ордабасының» басшылығы мен менеджментінде ауыс-түйістер күтіліп отыр. 

«Қайрат» басшылары осы сәтті пайдаланып, Исламханға ұтымды ұсыныс жасауы мүмкін. Өйткені, клуб келесі маусымда чемпиондыққа таласуды көздеп отыр.

Айта кету керек, Бауыржан Исламхан соңғы маусымда жарақатына байланысты «Ордабасы» сапында небәрі он ойында алаңға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт