Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Байерді» кім тоқтатады? Алонсо шәкірттері қатарынан 47 ойында жеңілген жоқ

03.05.2024, 09:06

«Неміс машинасы» Еуропа лигасының финалына бір табан жақындады

«Байерді» кім тоқтатады? Алонсо шәкірттері қатарынан 47 ойында жеңілген жоқ
Getty Images

Ливеркузендік «Байерді» тоқтататын команда бар ма, әлде Хаби Алонсо шәкірттері маусымдағы үш трофейдің бәрін жеңіп ала ма? Дәл қазіргі таңда еуропалық футбол сарапшыларын толғандыратын басты сұрақ осы десек қателеспейміз.

Бундеслиганы мерзімінен бұрын жеңген «Байер» Германия кубогінің финалына шығып қойды. Ал, дәл қазір Еуропа лигасының финалына шығуға бір табан жақын. Кеше түнде Алонсо шәкірттері «Романы» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіп, жеңіліссіз серияны 47 матчқа жеткізді.

Футбол сарапшыларының көбі «Байер» Римде сүрінеді деп болжаған. Былтыр дәл осы стадионда «Рома» неміс командасын финалсыз қалдырған болатын. Ол кезде италиялық клубтың бас бапкері Жозе Моуринью еді. Қазір Даниэль Де Росси келіп, «Романың» нәтижесі біршама жақсарған. Алайда, соған қарамастан римдіктер «неміс машинасын» тоқтата алмады.

Матч бірден «Романың» өткір шабуылдарымен басталды. Осындай сәттердің бірінде Ромелу Лукакудың баспен соққан добы қақпа маңдайшасынан қайтты. Ал, артынша Жереми Фримпонг қарымта шабуылдардың бірінде гол соғатын ұрымтал сәтті пайдалана алған жоқ.

Десе де, гол өзін көп күттірген жоқ. Ойынның 28 минутында Алехандро Гримальдо қақпашымен бірге-бір келе жатқан Флориан Вирцке дәл пас беріп, ол қиындықсыз есеп ашты.

Гол жіберіп алғаннан кейін «Рома» ойыншылары шабуылдауды алаңсыз қойып, «Байердің» көсіліп ойнауына мүмкіндік берді. Осыны пайдаланған Роберт Андрих 73-минутта есепті 2:0-ге жеткізіп, командасына кезекті жеңісті сыйлады.

Енді тура бір аптадан кейін командалар Ливеркузенде қарымта матч ойнайды. Қай жеңгені финалда «Марсель» – «Аталанта» жұбының жеңімпазымен кездеспек. Бұл екеуі кеше 1:1 есебімен тең ойнаған. Енді шешуші ойын 10 мамырда Бергамода (Италия) өтеді.

Айта кету керек, Хаби Алонсо шәкірттері биылғы маусымда өткізген 47 ойынның 39-да жеңіске жетіп, 8-де тең ойнады. Келесі матчты «Байер» 5 мамырда Бундеслиганың 32-туры аясында «Айнтрахт» командасына қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам