Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Лионель Месси МЛС-тің ең үздік ойыншысы атанды

03.05.2024, 09:15

Ол төрт ойында алты гол соққан

Лионель Месси МЛС-тің ең үздік ойыншысы атанды
LAPRESSE

«Интер Майамидің» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси чемпионаттың ең үздік ойыншысы деген атақты алды.и бұл туралы МЛС-тің Twitter-парақшасында жазылған.

Сәуір айында Месси команда сапында төрт ойын өткізіп, алты гол соққан және үш нәтижелі пас берген. Бұл осы айдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Еске салайық, 36 жастағы даңқты футболшы «Интер Майами» сапына былтыр жазда қосылған болатын. Осы уақыттан бері ол 24 ойын өткізіп, 22 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

Мессидің америкалық клубпен келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Transfermarkt сайтының мәліметінше, аргентиналық шабуылшының қазіргі нарықтағы құны 30 млн еуроны құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам