Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Аргентиналық фанат сүйікті клубының жеңілісінен кейін өзіне қол жұмсап қайтыс болды

06.11.2023, 21:57

Жас жігіт полицияда жұмыс істеген

Аргентиналық фанат сүйікті клубының жеңілісінен кейін өзіне қол жұмсап қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

23 жастағы Аргентина тұрғыны сүйікті командасының жеңілісінен кейін суицид жасап көз жұмды. «Бока Хуниорс» клубы Либертадорес кубогінің финалында Бразилияның «Флуминенсе» клубынан ұтылып қалғаннан кейін күйзеліске түскен жігіт өмірімен қош айтысқан.

Marca басылымының жазуынша, 23 жастағы Марсело Моралес полицияда жұмыс істеген. Анасы оның өлімін растады.

«Егер «Бока Хуниорс» жеңілсе ол өзін өте нашар сезінетін. Бұл команда өмірімнің мәні деп айтатын. Жеңілісті көтере алмай ол өзіне қол жұмсады», - деді Марселоның анасы.

Әйелдің айтуынша, ол ұлының суицид жасауы мүмкін екенін бұған дейін сезген.

«Ол бұған дейін әкесіне «егер менің командам кубокті жеңбесе, мен өзіме қол саламын» деп ескерткен. Біз мұны жай әзіл шығар деп ойладық. Мен «Боканы» бұдан кейін команда деп санамаймын, оның бірде-бір ойыншысы маған көңіл айтып келген жоқ», - деп сөзін түйді ұлынан айрылған әйел.

Ата-анасы Марселоның денесін 5 қараша күні таңертең тапқан. 

Ал, «Бока Хуниорс» клубының бас бапкері Хорхе Альмирон осы жеңілістен кейін отставкаға кетті. Ол астаналық командамен небәрі жарты жылдан сәл астам уақыт жұмыс істеді. Осы уақытта «Бока Хуниорс» 43 ойын өткізіп, оның небәрі 17-де жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам