Қазақстан құрамасы Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойынға дайындықты бастап кетті

07.11.2023, 11:34

Құрамада азды-кем өзгерістер болады

Қазақстан құрамасы Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойынға дайындықты бастап кетті
Фото ашық дереккөзден

Еуро-2024 құрлықтық жарысына іріктеу ойындары аяқталуға жақын. Қазақстан құрамасы соңғы екі матчын өткізуге дайындығын бастап кетті. Магомед Адиев шәкірттері 17 қарашада өз алаңында Сан-Мариноны қабылдаса, 21 қарашада сыртта Словения футболшыларымен өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет іріктеу кезеңінде топтан шығып, Еуропа чемпионатына қатысу мүмкін. 

Оқу-жаттығу жиындары 10 қарашада басталады. Бұл күні бас бапкер ойыншылардың жағдайымен танысады. Артынша жастар құрамасымен жолдастық кездесу болып, әрбір футболшы тиісті бағасын алады.

Баспкерлер штабы бұл жолы Эльхан Астановты ұлттық құрамаға шақырған жоқ. Оның орнын «Ордабасы» ойыншысы Максим Федин басады.

Ал, Бекхан Шайзада, Сергей Малый, Темірлан Ерланов және Бағдат Қайыров құраманың жаттығу жұмыстарына 7 қарашада қосылады. 

Абат Айымбетов, Исламбек Қуат, Александр Марочкин, Ян Вороговский, Александр Заруцкий, Абзал Бейсебеков және Владислав Прокопенко УЕФА-ның Конференция лигасында өнер көрсетіп болған соң оқу-жаттығу жиындарына қосылады.

Ал, Самат Жарымбетов жарақатына байланысты қарашадағы жаттығулардың ешбіріне қатыса алмайды.

Бахтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Лев Скворцов, Марат Быстров және Александр Зуев ұлттық құрамаға 12-13 қараша күндері қосылады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы H тобында 15 ұпаймен үшінші орында тұр. Бірінші және екінші орындарды Словения мен Дания өзара бөліскен, олардың әрбірінде 19 ұпайдан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?