Әйгілі Пакьяоны ұрып құлатқан қазақ Серікжан Ешмағанбетовтің ұлы TESLA-да жұмыс істейді

07.11.2023, 12:24

Ол аталған америкалық компанияға жұмысқа тұрған алғашқы қазақ баласы

Әйгілі Пакьяоны ұрып құлатқан қазақ Серікжан Ешмағанбетовтің ұлы TESLA-да жұмыс істейді
Instagram

Кезінде кәсіпқой бокста Пакьяоны шаршы алаңда нокдаунға түсірген қазақстандық Серікжан Ешмағанбетов ұлын ерекше мақтан тұтады. Боксшының баласы бүгінде әлемдегі ең бай адам Илон Масктың TESLA компаниясында қызмет етіп жүр. 

Әлеуметтік желіде отбасылық демалысынан бірнеше сурет жариялаған спортшы ұлы туралы жазба жариялады. Бүгінде оның үміт артқан баласы алыстағы Америкада тұрып жатыр.

«Ұлым менің! Сені әркез мақтан тұтамын. TESLA компаниясында қызмет ететін алғашқы қазақ!», - деп жазды Серікжан Ешмағанбетов.

Экс-боксшы АҚШ-қа барған сапарында ұлының жұмыс орнында болған. Баласы ата-анасын TESLA-ның тыныс-тіршілігімен таныстырған.

С.Ешмағанбетов бүгінде бапкерлікпен айналысады. Ол екі мыныңшы жылдардың басында Филиппин астанасы Манилада өткен бокс кешінде Мэнни Пакьяомен жұдырықтасып, оны үшінші раундта сұлатып салуымен есте қалды. Алайда, сол жекпе-жекте орнынан тұрып, есін жиып үлгерген Пакьяо кездесу соңында қазақстандық қарсыласынан басым түскен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?