Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Футбол – әділетсіз»: Луис Энрике ПСЖ жеңілісін ауыр қабылдады

08.05.2024, 10:49

Француздар кешегі ойында қақпаға 31 рет доп теуіп, бірде-бір гол соға алмады

«Футбол – әділетсіз»: Луис Энрике ПСЖ жеңілісін ауыр қабылдады
Getty Images

Еуропа Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Боруссиядан» жеңілгеннен кейін, ПСЖ бапкері Луис Энрике эмоциясын жасыра алмады.

Айта кетейік, қос матчтың нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жеткен дортмундтық команда араға 11 жыл салып осынау жарыстың финалына шығып отыр. «Боруссия» өз алаңында да, сырт алаңда да француздардан 1:0 есебімен басым болды.

Ал, Парижде толассыз шабуылдап, бірде-бір гол соға алмаған ПСЖ енді келесі маусымға дайындалады. Бұл жолы Луис Энрике шәкірттерінің расымен де жолы болмады.

«Футбол – әділетсіз ойын. Дәл осындай ойынмен жеңілуін өте өкінішті. Қос ойында біз 6 рет допты қақпа бағанына тигіздік. Бүгінгі ойынның өзінде қақпаға 31 рет доп тептік, бірде-бірі кірмеді. Бұған қалай сенесің? Бірақ, бұл – футбол.

Қарсылас команданы финалға шығуымен құттықтаймын. Мұнда бәсекелестік өте жоғары болып жатыр. Жеңілісті мойындаймыз және қабылдаймыз. Тезірек қалыпқа келіп, әрі қарай ойынды жалғастырамыз», - деді Луис Энрике ойыннан кейін болған баспасөз конференциясында.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Лондондағы Уэмбли стадионында болады. «Болруссияның» қарсыласы бүгін «Реал» – «Бавария» арасындағы матчтан кейін анықталмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам