Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ройстың арманы орындала ма?

08.05.2024, 12:15

Биыл 2013 жылдың финалы қайталануы мүмкін

Ройстың арманы орындала ма?
Reuters

Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Боруссия» клубының көшбасшысы Марко Ройс ПСЖ-ны жеңгеннен кейін қуанышын жасыра алмады. 34 жастағы футболшы үшін бұл – Дортмундтағы соңғы маусым.

«Біз Чемпиондар лигасын жеңуіміз керек, бұл – біздің мүмкіндік, біздің уақыт келді», - деді футболшы матчтан кейін.

«Боруссия» Францияның ПСЖ клубын жарыс жолынан шығарып, қатарынан екі рет қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Естеріңізде болса, 2013 жылы дортмундтықтар финалда ойнаған. «Уэмбли» стадионында өткен матчта олар «Баварияға» есе жіберді (1:2), Ройстың өзі алаңда 90 минут бойы өнер көрсетті.

Бір қызығы, сол финал биыл қайталануы мүмкін. Ол үшін «Бавария» бүгін өтетін қарымта кездесуде «Реалды» ұтуы керек.

Айта кетейік, «Боруссиядан» кететінін хабарлаған Ройс өз карьерасында Германия кубогы мен Суперкубогында ғана жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам