Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қарсыласына пенальти «сыйлаған» Нұралы Әліптің көңіл-күйі қалай?

08.05.2024, 21:01

«Зенит» қатарынан төртінші ойында жеңіске жете алмай келеді

Қарсыласына пенальти «сыйлаған» Нұралы Әліптің көңіл-күйі қалай?
Зенит ФК

«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак клубтың қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліптің көңіл күйі туралы сауалға жауап берді.

РПЛ-дің соңғы турында «Факелмен» (1:1) өткен соңғы матчта дәл осы Әліп өз айып алаңында қолмен ойнап, қарсылас командаға пенальти «сыйлаған» еді. Соның арқасында қарсыластар 90+12 минутта таразы басын теңестіріп кетті. 

«Сәтсіздік қой. Өзін қалай сезінеді дейсіздер ме? Құдды өзге ойыншылар секілді. Қарсылас тарапынан ешқандай қауіпті шабуылдың ұйымдастырылмауына қарамастан, ұпай жоғалту кімге де болса ауыр. Мұндай жағдай болмас үшін көбірек гол соғу керек. Бізде жап-жақсы сәттер болды және соларды жүзеге асыру керек еді. Ал 1:0 деген ойын соңында босаңсуға мүмкіндік беретін есеп емес. Кез келген бұрыс қимыл жеңістен айырылып қалуға себеп болуы мүмкін. Ал бізде тиімді сәттер өте көп болды. Тек салқынқандылық жетіспеді», - деді Семак «Спорт Экспреске» берген сұхбатында.

Бұған дейін ресейлік сарапшылар да бұл пенальтиге қатысты ойын айтып, оған бас бапкерді кінәлаған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам