Жариылай финал ойындары маусымда өтеді
Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтті.
«Атырау» Алматының «Қайрат» клубынан кеткен есесін кубокта қайтарды. Бұған дейін Премьер-лиганың 7-турында қос команда өзара кездесіп, «Қайрат» жеңген болатын. Осы жолы алаң иелері 3:1 есебімен басым түсті.
Енді олар жартылай финалда Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі. Өз кезегінде «Тобыл» «Астанадан» 1:0 есебіен басым түсті.
Қостанайлық клубтан Ислам Чесноков соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.
Семейдегі «Елімай» мен «Қызылжар» матчында алаң иелері жеңіс голын соңғы минуттарда салды.
Ал Шымкенттегі «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы драмаға толы болды. Ойынның негізі уақытында есеп ашылмады. Экстра-таймда алаң иелері сапынан Евгений Макаренко алыстан гол соққан. Бірақ, «Ордабасының» қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Допингке байланысты 2 жыл футболдан қол үзіп қалған Айбол Әбікен алғашқы матчында қызыл қағаз алып командасын қиын жағдайға қалдырды. Осыдан кейін қонақтар екі гол соқты.
Енді жартылай финалда «Елімай» мен «Ақтөбе» кездеседі. Бұл ойындар маусым айында өтеді.
Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i