Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Шымкентте «Ордабасының» жанкүйерлері қала әкімдігіне байкот жариялады (ВИДЕО)

09.05.2024, 09:58

Олар клуб президентінің отставкасына наразы

Шымкентте «Ордабасының» жанкүйерлері қала әкімдігіне байкот жариялады (ВИДЕО)
Ордабасы ФК

Футболдан Қазақстан кубогы широк финалы аясында Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасындағы ойынында жанжал шықты.

Матч кезінде «Ордабасы» фанаттары байкот жариялап, стадионнан шығып кетті. Өйткені екі бұрын клуб президенті Бауыржан Әбдубаитов қызметінен кеткен болатын. Жанкүйерлер клуб тарихындағы ең титулды басшының кеткеніне қарсы. Олар Бауыржан Тойшыбекұлы лауазымынан өз еркімен кеткен жоқ деп есептейді.

Стадионда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекке назын айтып, айқайлағандар көп болды. С.Құранбек – «Ордабасы» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы.

Үзілісте Бауыржан Әбдубаитовтың өзі жанкүйерлер алдына шықты. Ол жанкүйерлерден сабыр сақтауды өтінді.

Бұған дейін «Ордабасы» клубының президенті қызметінен кеткенін жазғанбыз. Клубтың ресми хабарлмасында оның денсаулығына байланысты орнын босатқаны айтылған.

Ол Шымкент командасының басшылығына 2022 жылдың басында келген. Екі жылдың ішінде клубты Қазақстан кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам