Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

«Наполи» Кварацхелияның жалақысын 6 есеге дейін өсірмекші

11.05.2024, 14:45

Ол қазір жылына небәрі 1 млн еуро жалақы алып жүр

«Наполи» Кварацхелияның жалақысын 6 есеге дейін өсірмекші
Getty Images

Футболдан Италияның экс-чемпионы «Наполи» футбол клубы грузиндік шабуылшы Хвича Кварацхелияның жалақысын алты есеге дейін өсірмекші. Бұл туралы спорт журналисі Санти Ауна өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Клуб басшылары Хвичаны командада алып қалу үшін осындай қадамға баруға дайын екен. Атап айтқанда, жаңа келісімшартта наполитандық клуб бас тарту төлемінің сомасын 150 млн еуро деп көрсеткен.

Айта кетейік, 23 жастағы грузин футболшысына қазір ПСЖ қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, Англия Премьер-лигасынан да шақыртулар болуы мүмкін.

Қазіргі таңда Кварацхелияның жылдық жалақысы 1 млн еуроны құрайды. Биылғы маусымда ол «Наполи» сапында 42 матч өткізіп, 10 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас шығарған.

Хвичаның «Наполимен» арадағы келісімшартының мерзімі 2027 жылға дейін. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтағы құны 80 млн еуроны құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам