Аталған турнир биыл үшінші рет ұйымдастырылды
Бүгін белгілі спорт комментаторы, қазақ спорт журналистикасының жарық жұлдызы Амангелді Сейітхан көзі тірі болса 55 жасқа толар еді. Осыған орай, Алматыда қазақ телевизиясының ардагерін еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы ІІІ республикалық турнир өтті.
Шағын футболдан өткен тартысты бәсекеге «Қарекет», «Ақмешіт», «Тараз пресс», «Қазмедиа», «Хабар» секілді аладопты арқау еткен командалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, «Қазмедиа» құрамасы чемпион атанды. Ал «Спорт Қазақстан» 2-орынды иеленсе, атыраулықтар 3-орынды қоржынға салды.
Дүбірлі дода жеңімпаздары медальдармен марапатталып, команда үздіктері номинацияға ие болды.