Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Мен қазақпын, бірақ Қазақстан құрамасына жаным ауырмайды – Азамат Мұсағалиев

13.05.2024, 15:19

Ол тек Ресей футболшыларына ғана жанкүйер екенін мәлімдеді

Мен қазақпын, бірақ Қазақстан құрамасына жаным ауырмайды – Азамат Мұсағалиев
teleprogramma.pro

Ресейлік танымал шоумен Азамат Мұсағалиев жергілікті YouTube-каналдардың біріне сұхбат беріп, футболдан Қазақстан құрамасына қатысты ой-пікірін айтты.

Бұған дейін де өзінің тарихи отанына деген махаббатын білдіре қоймаған Азамат бұл жолы да сол әдетінен жаңылған жоқ.

«Мен қазақпын. Бірақ, Қазақстан жанкүйерлері ренжімесін, футболдан Қазақстан құрамасына ешқандай сезімім жоқ, жаным ауырмайды. Өйткені, мен Ресей азаматымын және әрдайым Ресей құрамасына жанкүйерлік етемін. Қазақстан құрамасының ойындарын қарамаймын», - деді ол Cappuccino & Catenaccio Show каналында болған сұхбат барысында.

Еске салайық, жуырда ғана Азамат Мұсағалиев өнердегі әріптестерімен бірге Украинаның Ресей жаулап алған территориясына барып, соғысып жүрген орыс сарбаздарына тегін концерт қойып берді. Сондай-ақ, ол журналистерге сұхбат беріп, Путиннің Украина жерінде жүргізіп жатқан соғысын қолдайтынын айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам