Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстанда білікті маман жоқ деген QFL президенті қызметінен кетті

15.05.2024, 21:21

Оның орнына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз

Қазақстанда білікті маман жоқ деген QFL президенті қызметінен кетті
QFL

Рафаэль Гарибян Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. Ұйымның ресми мәліметіне сәйкес, ол басқа қызметке ауысуына байланысты осындай шешім қабылдаған.

Естеріңізде болса, Рафаэль Гарибян QFL президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалған еді. Осы аралықта ол Лигада ребрендинг жасап, жаңа регламенттердің қабылдануына бастамашы болған.

«Qazaqstan Football League Рафаэль Эдуардұлына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді», - делінген QFL таратқан мәліметте.

Ал жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланады.

Еске салайық, биыл ақпан айында журналистермен болған әңгіме кезінде Гарибян неліктен ресейлік мамандардың көмегіне жиі жүгінетінін айтқан болатын. Оның сөзінше, Қазақстанда осы салада білікті кадрлар аз, ал, Еуропа алыс болғандықтан, ол Ресейден маман алдыруға мәжбүр екенін айтқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам