Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Нұрәлі Әліп ЦСКА қақпашысының мұрнын сындырды (ВИДЕО)

16.05.2024, 00:05

Дәрігерлер қақпашыны алаңнан алып кетті

Нұрәлі Әліп ЦСКА қақпашысының мұрнын сындырды (ВИДЕО)
скрин YouTube

Футболдан Ресей кубогы финалында Санкт-Петербургте жергілікті «Зенит» пен ЦСКА кездесті. Бірінші таймда алаң иелерінің қорғаушысы Нұралы Әліп шабуыл шебіне шығып, қарсы команда қақпашысы Владислав Тороптың баспен ұрды.

Әліп әуелеп келген допты баспен қақпаға дарытпақ болған. Алайда, оның басы допқа емес, допты қағып алмақ болған қақпашының мұрнына тиді. Соққының ауыр болғаны сонша, Торопты алаңнан дәрігерлер алып кетті. Оның мұрны ісіп, екі танауынан да қан кеткен.

ЦСКА осыдан кейін амалсыз қақпашы ауыстырып, Тороптың орнына Владимир Шайхутдинов шықты.

Айта кетейік, Мәскеуде өткен бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Бүгін жеңіске жеткен команда Ресей кубогінің иегері атанады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам