Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

50 мың жанкүйері бар «Ақтөбеге» неге 30 мыңдың стадион салып жатыр?

17.05.2024, 01:59

«Астанамен» болған соңғы ойында Ақтөбедегі стадионға 12 805 адам кірген

50 мың жанкүйері бар «Ақтөбеге» неге 30 мыңдың стадион салып жатыр?
aktobetimes

Қазақстанда жанкүйері ең көп саналатын «Ақтөбе» футбол клубына арнап 30 мың орындық стадион салынғалы жатыр. Бұл туралы жазған «Ақтөбе таймс» басылымы отыз мың орынның өзі ақтөбелік фанаттар үшін аздық етеді дейді. Өйткені, облыс аумағында сүйікті клубының ойынын тамашалағысы келетін 50 мың адам бар екен.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, стадионды салу жоспарда болғанымен, оның орны әлі де анықталмаған.

«Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге қосымша ақпарат бере алмаймыз. Оның сыйымдылығы шамамен 30 000 адамды құрайды. Ал салынатын орны әлі анықталған жоқ», - дейді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, «Ақтөбе» клубы өз алаңында матч өткізер кезде 50 мыңдай адамнан стадионға кіруге сұраныс түседі екен. Алайда, қазіргі нысанның сыйымдылығы небәрі 13 мыңға орынға шақталған. Қалған жанкүйер матчты үйден тамашалауға мәжбүр.

«Егер сұраныс 50 мың орынға болса, неліктен әкімдік 30 мың адамдық стадион салып жатыр?» - деп жазды мақала авторы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам