Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы трофейіне қол жеткізді

24.05.2024, 09:07

Оның командасы ел кубогін жеңіп алды

Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы трофейіне қол жеткізді
Бешикташ ФК

Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубы Түркия кубогінің иегері атанды. Аталған командада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.

Ел кубогінің финалдық ойыны 23 мамырда Стамбұлда өтті. «Бешикташ» «Трабзонспорды» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті.

Қос команда бірінші таймда бір-бір голдан соқты. Алдымен қонақтар сапынан 13-минутта Пол Онуачу көзге түссе, тайм аяқталар тұста Рашид Геззаль есепті теңестірді.

Екінші таймда да командалар ашық ойын көрсетті. 54-минутта «Бешикташ» ойыншысы Салих Учан дәл соққысымен командасын алға шығарған. Ал, 89-минутта «Трабзонспор» сапынан Николь Пепе гол соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлады. Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, жарты сағаттық овертаймда «Бешикташтың» мерейі үстем болды. 94-минутта соғылған голдың авторы – Әли әл-Моатасембелла.

Айта кетейік, Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Матч соңына дейін команданың бас бапкері оны қосалқы құрамда ұстады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам