Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Мбаппенің қоштасу кешіне Луис Энрике келмей қойды

24.05.2024, 12:11

Екеуінің арасының бұзылғанын бұған дейін журналистер жазған болатын

Мбаппенің қоштасу кешіне Луис Энрике келмей қойды
Getty Images

ПСЖ-ның бас бапкері Луис Энрике Килиан Мбаппе ұйымдастырған отырысқа келмеді деп жазады Le Parisien. Командадан кетуіне байланысты әйгілі футболшы Париж мейрамханаларының бірінде дастархан жайып, командаластарының бәрін кешкі асқа шақырған болатын.

Ал, келесі күні болған жаттығуға Энрике екі ойыншыны қатыстырмай қойған. Олар түнімен көңіл көтеріп, алкогольді шамадан тыс қолданған болуы мүмкін. Алайда, екеуінің де аты-жөні аталған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін еуропалық БАҚ өкілдері Мбаппе мен Энрикенің арасы нашар екенін жазған болатын.

Маусым айының соңында Килиан Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарт мерзімі аяқталады. Мұнан кейін ол еркін агент ретінде мадритдік «Реалға» ауыспақ. Корольдік клубтағы жалақысы жылына 15 миллион еуро болады деп жоспарлануда. Бұл оның ПСЖ-да алған жалақысынан әлдеқайда аз. Дегенмен, мадридтік клуб Мбаппеге 150 млн еуро бонус уәде берген.

Биылғы футбол маусымында Мбаппе ПСЖ сапында 47 ойын өткізіп, 44 гол соқты және нәтижелі 10 пас шығарды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам