Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Хорватияға Еуроның жүлдесі қашан бұйырады?

29.05.2024, 16:49

Футбол әлемінде жаһандық біріншілікте де, Еуропа чемпионатында да жүлде алып, үздіктер қатарында ойқастап жүрген құрамалар жетерлік. Бірақ әлем чемпионатында бағы жанып, Еурода сүреңіз нәтижемен жолы болмай жатқан елдер де бар екені жасырын емес. Тіпті, оларға құрамындағы жұлдыз футболшы да, аузын айға білеген атақты бапкерлер де көмектесе алар емес. Сондай құрамалардың бірі – Хорватия.

Кейінгі екі әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінген Хорватия футболшыларына әлі күнге дейін Еуроның жүлдесі бұйырмай тұр. «Шақпақ жейделілер» Қарт құрлық додасына бұған дейін алты мәрте қатысқан. Екі рет ширек финалда, екі рет 1/8 финалда және екі рет топтық кезеңде сүрінді.  Былай қарасаңыз, Хорватия үшін бұл жаман нәтиже емес сияқты көрінеді. Бірақ кейінгі 6-8 жылдың ішінде түрлі жарыстарға толық дерлік бір құраммен қатысып жатқан хорваттар Еуропаның 24 құрамасы қатысатын жарыста нашар нәтиже көрсетеді де, әлемнің ең таңдаулы 32 командасы бақ сынайтын әлемдік додада екі мәрте жүлде алып үлгерді.

Бұл жағдайды екі себеппен түсіндіруге болатын шығар. Біріншісі, Еурода шынымен бәсекелестік өте жоғары және бұған Хорватия құрамы төтеп бере алмай жатыр немесе Еурода жолы болмаған хорваттар өзін көрсету үшін әлем чемпионатына ерекше мотивациямен ойнайды.  

Кейінгі екі әлемдік додада жарқырап өнер көрсеткен Хорватия футболшыларының биыл алтын дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерсек, осы жолы Алманиядағы аламанда атой салуға тиіс. Еуро-2024 күнделігінің бүгінгі шығарылымын дәл осы Хорватия құрамасына арнаймыз.

Кейінгі буын футбол жанкүйерлері Хорватияның «алтын буыны» деп 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатына қатысқан немесе екі жыл бұрынғы Қатардағы доп додасында өнер көрсеткен құрамды атайды. Ал көпті көрген ересек жанкүйерлер бұнымен келісе алмайды. Хорваттардың 1996 жылғы Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем біріншілігіне қатысқан құрам да қазіргілерден нашар болған жоқ. Әрине, ол кезеңде Лука Модрич секілді «Алтын доп» иегері болмаған шығар, бірақ дәл қазіргідей футболшылардың бәрі Еуропаның ТОП-5 чемпионаттарының алдыңғы командаларының құрамында ойнады.

Шынында да, қазіргі Хорватия құрамасы да өте мықты. Жұлдызды құрамға ие және олардың қатарында бірден жанкүйерлердің көз алдына келетін Лука Модрич, Иван Ракитич және Матео Ковачичтерден де бөлек талантты футболшылар бар.

Мәселен, екі жыл бұрын Қатарда өткен әлем чемпионатында қаһармандардың бірі болған қақпашы Доминик Ливакович биылғы Еурода да құрамасын жоғары жетістікке жетелейтіні анық.

Хорватияның қорғанысында тек «Манчестер Ситидің» ғана емес, әлемдегі ең үздік қорғаушылардың бірі Йошко Гвардиол ойнайтыны көп шабуылшының мазасын қашырады. Гвардиол «Сити» сапындағы кейінгі матчтарда шабуылға жиі араласып, қарсылас қақпасына гол соғып жүр. Одан бөлек, АЕК қорғаушысы Домагой Вида да ұлттық құраманың негізгі тасқамал қорғаушысының бірі. Йосип Шутало, Йосип Станишич, Борна Баришич секілді қорғаушылар да анау-мынау шабуылшыны өз алаңына оңайлықпен өткізе қоймайды.

Германия, Англия сияқты Еуроға қатысатын жартылай қорғанысы ең мықты құрамалардың қатарында Хорватия да бар. 2018 жылғы «Алтын доп» иегері, Хорватияның тірі аңызы Лука Модричтің жасы біразға келіп қалды демесеңіз, «Реал» сапында көрсетіп жүрген ойыны қазір таланты таң қалып жүрген жас футболшылардан бір мысқал да кем емес. 38 жастағы жартылай қорғаушының бұл карьерасындағы соңғы чемпионаты. Сондықтан Лука Модричтің өзі де, командалас әріптестері де бір-бірі үшін барын салып, чемпиондық таласта аянып қалмайды. Модричтің қасында ойынына Моуриньоның өзі тәнті болған Иван Перишич, Матео Ковачич, Марсело Брозович, Марио Пашалич сияқты футболшылар ойнайды.

Шабуылда іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені және ұлттық құрама сапында гол соғу бойынша бесінші орында тұрған Андрей Крамарич, Бруно Петкович, Анте Будимир секілді сұрмергендер бар.

Хорватия құрамасын 2017 жылдан бері Златко Далич жаттықтырып келеді. Ұлттық құрамада жұмыс істегенге дейін ол бірнеше жергілікті клубтар мен Сауд Арабиясының «Әл-Фейсали және «Әл-Хилял», сондай-ақ әмірліктің «Әл-Айн» секілді командаларымен жұмыс істеген. Хорватия құрамасымен бірге Далич айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алды. 2018 жылы әлем чемпионатының күміс, 2022 жылы қола жүлдесіне қол жеткізді.

Златко Далич шәкіртеріне іріктеу кезеңінде біраз тер төгуге тура келді. D тобында Түркия, Уэльс, Армения және Латвия құрамаларымен ойнаған хорваттар 8 матчта 16 ұпай жинап, Түркиядан кейінгі екінші орынға жайғасты. Түркітерден бір ұпайға қалып қойса да, Еуроға жолдама алды. Топтық ойында  хорватиялықтар бес мәрте жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, екі мәрте жеңілді. Бір ойында Уэльс құрамасына, екіншісінде өз алаңында Түркияға есе жіберд. Далич командасы іріткеуде 13 гол соғып, өз қақпасына 4 гол өткізіп алды. Еуро-2024 іріктеу турнирінде Андрей Крамарич 4 гол соғып, құраманың сұрмергені атанды.

Бұл чемпипионат Модрич пен Перишичтің үлкен саханадғы соңғы биі болмақ. Сондықтан Хорватияның бар сенімі, бүкіл үміті осы футболшыда. Дегенмен, қалған ойыншыларда қарап қалмай, екі ақсақалға чемпиондық жолда демеу болады.  Қақпада сенімді Доминик Ливакович ойнайтыны, қорғаныс шебінде Еуропадаңы ең қымбат қорғаушысы Гвардиола бар екенін жоғарыда айттық.

Финалдық кезеңнің жебербесі тартылғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Златко Далич топтық кезеңнен шығу – Хорватия үшін үлкен жетістік болатынын айтқан еді. Иә, хорваттарға топтық кезеңдегі ойындардың өзі оңайға соқпайын деп тұр.

Хорватия топтық кезеңде қазіргі Еуропа чемпионы Италия және Ұлттар лигасының су жаңа жеңімпазы Испаниямен ойнайды. Сондай-ақ бұл топта 2004 жылғы Грекия құрамасының жолымен жүріп келе жатқан Албания футболшылары да бар. Албания құрамасымен болатын ойын жоғарыдағы үш құраманың ешбіріне де оңайға соқпас. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам