Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

ЛЧ финалы: "Реал" алса ала берсін, тек әділ жеңсін! Кросс vs Ройс?

31.05.2024, 12:38

Биыл Чемпиондар лигасының финалында "Реал" мен "Боруссия Дортмунд" командалары кездеседі. Бұл финал – бұрынғы финалдардан өзгерек. Себебі, неміс футболшысы Тони Кросс үшін клубтық деңгейдегі соңғы матч. Одан кейін Германия ұлттық құрамасы сапында ЕУРО-да ойнап, халықаралық турнир аяқталған соң бутсысын шегеге іледі. 

Сонымен финалда кім жеңеді? Финалға шықса қалқанқұлақ кубокты алмай тынбайтын "Реал" тағы үстем түсе ме? Әлде ЛЧ финалына тарихынды 3-ші рет шығып отырған "Боруссия Д" қанжығасын майлай ма?

Соңғы рет дотрмундтықтар ЛЧ финалында 2013 жылы ойнап, "Бавария" командасынан жеңіліп қалды. Ол финал да Лондондағы атақты "Уэмбли" стадионында өткен. Ендеше, биыл "Уэмбли" стадионынан дортмундықтар жылап қайта ма, әлде кубок арқалап қуанып қайта ма?

Айтпақшы, "Реал" клубының #1 қақпашысы Тибо Куртуа жарақатынан айығып, финалда Андрей Лунин емес, бельгиялық голкипер тұрады деген болжам бар. Бүгінгі подкаста Карло Анчелоттиге "ақыл" айтып тастадық. Тибо Куртуа – ТОП қақпашы, бірақ биыл Андрей Луниннің маусымы. 

БІРІНШІ БОЛ подкастының бүгінгі қонағы – футбол блогері Сүлеймен Бөріхан. KAZ CORNER жобасының авторы әлеуметтік желіде қаралымның астында қалып, оқырманы әр жазбасына хейт пен мадақ аралас пікірді қарша боратып жатыр. 

Олжас Байбосын биыл Марко Ройс алса деп тілейді. Ермұхамед Мәулен кім жеңсе де ЛЧ кубогын әділ алсын дейді. Ал, Сүлеймен Бөріхан "Реал" командасына бүйрегі бұратынын, бірақ "Боруссия Д" жеңсе қатты өкінбейтінін айтты.

Ал, сіз финалда кімге жанкүйерсіз?! Пікіріңізді жазып, болжамыңызды айтыңыз!

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам