Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Жұмыссыз жүрген Жозе Моуринью Түркияның клубын жаттықтыратын болды

31.05.2024, 13:50

Алдын ала болжам бойынша, танымал бапкер екі жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетуі керек

Жұмыссыз жүрген Жозе Моуринью Түркияның клубын жаттықтыратын болды
Getty Images

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью кәсіби мансабын түрік елінде жалғастыратын болды. Ұзақ уақыт үзілістен кейін ол «Фенербахче» клубына бас бапкер болып келді.

Бұл туралы Италияның белгілі журналисі Джанлука Ди Марцион мәлімдеді. Оның жазуынша, таяу күнде Жозе Стамбұлға көшіп келмек. 

Жозе Моуринью болса «Фенербахчемен» екі жылдық келісімшарт жасауды көздеп отырғанға ұқсайды. Алдағы екі жылда ол Түркия чемпионатында өз шәкірттерінің әлеуетін сынап, жоспарын жүзеге асыруға ниетті.

Биылғы маусымның ортасында ол Италияның «Рома» клубындағы қызметінен кеткен болатын. 3 жылға жуық қызмет еткен команданың нәтижесі көңілден шықпай, соңында шулы бапкердің орнынан қуылуымен аяқталды. Бұдан бөлек, Жозеге Сауд Арабиясының да клубтары қызығушылық танытқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам