Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Еуропа чемпионатын теледидардан тамашалайтын жұлдыздар

01.06.2024, 13:52

Футболдан Германиядағы Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар бірінен соң бірі  құрлық біріншілігінде доп тебетін құрамын жариялай бастады. Көпшілік күткен кейбір футболшыларға өз құрамаларынан орын табылмай жатқаны жасырын емесТоп-клубтарда жүрсе де, Еуропа чемпионаты сияқты 4 жылда бір өтетін турнирден қалып қою амбициясы жоғары кез келген футболшы үшін оңайға соқпасы анық. Назарларыңызға солардың бір парасын ұсынғанды жөн көріп отырмыз.    

Еуропа чемпионатын теледидардан тамашалайтын жұлдыздар
1bol.kz

Джейдон Санчо (Англия)

Әңгімеңізді Англия құрамасынан бастағанды жөн көрдік. Қазір букмекерлер Англияны Еуропа чемпионатының басты фавориті ретінде санап отыр. Ағылшындардың құрамы мықты болғаны соншалық, әлемдегі ең талантты вингерлердің бірі – Джейсон Санчоға 26 футболшының ішінен бір орын табылмады. Әрине, Санчоның қазіргі деңгейі бұрынғыдай емес. Дортмундтың «Боруссиясы» сапында жарқырап өнер көрсетіп, «Манчестер Юнайтедке» ауысқаннан кейін ойын деңгейі түсіп кетті. АПЛ-да Бундеслигадағыдай тұрақты ойын көрсете алмады. Тіпті, бапкермен ерегісіп, бірнеше ай футболдан қол үзіп қалды. Дегенмен, араға уақыт салып, «Боруссияға» қайта оралғаннан кейін ойыны түзеле бастаған еді. Алайда ойын тәжірибесі Еуропа чемпионатында ойнауға жеткіліксіз болды. Айтпақшы, Джейсон Санчо 2022 жылғы әлем чемпионатына да қатыса алған жоқ.

Маркус Рашфорд (Англия)

«Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Маркус Рашфорд та Еуропа чемпионатына қатыспайтын футболшылардың көш басында тұр. 26 жастағы ойыншы бас бапкер Гарет Саутгейттің 26 футболшысы былай тұрсын, кеңейтілген құрамдағы 33 ойыншысының тізіміне де енбей қалған. Айта кетейік, финалдық кезеңге әрбір құрама тек 26 футболшыны тіркей алады.

Рашфорд биылғы маусымның барлық турнирінде 42 мәрте алаңға шығып, небәрі тоғыз мәрте мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар бар-жоғы  бес-ақ голдық пас берген. Әрине, шабуылшы үшін мұндай көрсеткішпен өз елінің ұлттық құрамасын айтпағанда, топ-клубта негізгі құрамда ойнау ұят жағдай сияқты.

Джордан Хендерсон (Англия)

Тағы бір ағылшын футболшысы Джордан Хендерсон Еуропа чемпионатына барамын деп, Сауд Арабиясындағы бумма-бумма ақшадан бас тартты. Сөйтіп, қыс ортасында Нидерландының «Аякс» клубына ауысты. Бірақ бас бапкер Гарет Сайтгейт соның өзінде назар аудармады.

Талай жыл «Ливерпульдің» орталық алаңында ойын жүргізген, Стивен Джерардтан кейін капитан болған футболшы қанша тырысса да, неміс жеріндегі Еуропа чемпионатына қатыспайды.

Енді тіпті, ұлттық құрамаға оралуы да екіталай. Биылғы жылы 34 жасқа толатын футболшы құрамадағы карьерасын да аяқтауы мүмкін.

Рахим Стерлинг (Англия)

Еуро-2020 чемпионатында финалға дейін құрамның сапында болған Рахим Стерлинг те бұл жолы 1 айға созылатын біріншілікті үйінен тамашалайды. «Челси» сапында ала-құла ойын өткізген Рахим 30 жасында Еуропа чемпионатында ойнауға жарамай қалды.

Футболшы осыған дейін құрама сапында 82 матч өткізіп, 20 гол соққан еді. Бірақ қазір «Манчестер Ситидегі» Стерлинг жоқ. Сондықтан Саутгейт өзге ойыншыларға сенім артқанды жөн көрді.

Англия құрамасының тізіміне іліне алмай қалған бұл төрт футболшыдан бөлек тағы бірнеше жұлдыз ойыншылар бар. Атап айтқанда, жартылай қорғаушы – Харви Эллиотт, қорғаушылар – Эрик Дайер, Бен Уайт, Рис Джеймс, Бен Чилуэлл және шабуылшы Рико Льюис биылғы Еурода Англия құрамасына көмектесе алмайды. Осы футболшылардың тізімінен кейін-ақ Англия құрамасындағы бәсекелестік қандай деңгейде екенін бағамдай беріңіз.

Давид Алаба (Аустрия)

Биыл қатарынан үшінші Еуросына қатысқалы жатқан Аустрия құрамасы да Германияға баратын құрамын жариялады. Өкінішке қарай, 26 футболшының қатарында «Реал» қорғаушысы мен ұлттық құрамның көшбасшысы Давид Алаба жоқ. Өткен жылдың соңында жарақат алып қалған Алаба маусымның біраз бөлігін емделумен өткізіп алған соң, Ральф Рангниктің жоспарына енбей қалды.

Құрама жейдесін осыдан 15 жыл бұрын 17 жасында киген Алабаға құрлық біріншілігін теледидар алдында тамашалау ауыр тиетіні түсінікті.

Лукас Эрнандес (Франция)

Франция ұлттық құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатын, 2021 жылғы Ұлттар лигасы турнирін жеңіп алған 28 жастағы Лукас Эрнандес те Германияға бармайды. ПСЖ қорғаушысы Чемпиондар лигасының «Боруссиямен» өткен жартылай финалдағы бірінші матчының бірінші таймында сол аяғының тізесін жарақататтап алған. Енді кемінде 6-7 ай тізесін емдеумен болады.

Сонымен қатар биылғы Еурода Майкл Олисе, Мало Гюсто, Аксель Дисаси, Жан-Клер Тодибо, Маттео Гендузи, Мусса Диаби секілді футболшылар да Францияға көмектесе алмайды. Бұл ойыншылардың барлығы да ішкі бәсекелестің «құрбаны» болып отыр.

Матс Хуммельс (Германия)

Германияға 2014 жылғы әлем чемпионатында жаһандық доданың бас жүлдесін иеленуге зор үлес қосқан қорғаушы Матс Хуммельс арада 10 жыл өткенде ішкі бәсекеде жеңіліп, өз еліндегі қарт құрлық біріншілігінен құр қалды.

«Боруссия» клубының ойыншысы биылғы маусымда 25 матчқа қатысып, үш гол соққан. Сонымен қатар төрт ойында сары қағаз алып, бір матчта қызыл қағазбен жазаланған. Орталық қорғаушы құрамадағы бәсекелестікте «Байердің» ойыншысы Джонатан Тадан жеңіліп қалды. «Байермен» бірге Германия чемпионатында топ жарған Та қазіргі таңда Юлиан Нагельсманның сенімді қорғаушыларының бірі.

Леон Горецка (Германия)

Осыдан 4 жыл бұрын «Бавария» «Барселонаның» 8:2 есебімен жеңген құрамда болған футболшының бірі – Леон Горецка еді. Орталық алаңда ойқастайтын футболшы соңғы кездері біресе жарақат, біресе бабы болмай жүр. Тіпті, Еуропа чемпионатына қатысатын тізімге еңбей қалды. Әйтпесе, 10 жылдан бері Германияның жейдесін киіп жүрген ойыншылардың қатарында еді.

Бас бапкер Юлиан Нагельсман Горецка бұл шешімге ренжігенін айтты. Ол бірақ құраманың жаттықтырушысы ретінде осындай қадамға баруына тура келгенін жеткізді. Осылайша, Еуропа Чемпионаты 29 жастағы жартылай қорғаушының қатысуынсыз өтеді.  

Юлиан Брандт (Германия)

«Боруссия Дортмунд» Чемпиондар лигасының финалында ойнайды. «Уэмблидегі» шешуші ойынға дейін Терзич шәкірттері «Атлетико», ПСЖ сияқтыларды мықтыларды жолынан тайдырды. Команданың бұл нәтижесіне жартылай қорғаушы Юлиан Брандттың қосқан үлесі зор.

Дегенмен өзімен аттас бапкер Еуро-2024 алаңдарында ойнауға лайық деп таппады. 28 жастағы ойыншы құрама сапында 47 рет алаңға шыққан екен. Бәлкім, Еуроға қатысқанда матчтарының санын 50-ге жеткізер ме еді? Бірақ Нагельсманның таңдауы басқа футболшылар болды.

Сондай-ақ Никлас Зюле,шабуылшы Серж Гнабри да өз еліндегі Еуропа чемпионатына қатыса алмайды. Зюле артық салмағына байланысты құрамаға ілінбей қалса, Гнабри өз позицяларындағы ішкі бәсекелестің жоғары болуына байланысты ұлттық құрамаға шақырту алған жоқ.

Люк де Йонг

Биыл Нидерланды чемпионатында ПСВ чемпион атанды. Команда екінші орындағы «Фейеноордтан» 7 ұпайға ұзап кетті. Ал команданың негізгі шабуылшысы Люк де Йонг 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Сөйтіп, чемпионаттың үздік сұрмергені атанды. Бірақ мұндай статистикалар құрама бапкері Рональд Куманға дым әсер еткен жоқ. 33 жастағы футболшыны кеңейтілген тізімге де қосқан жоқ. Қазір Нидерландыда Ван Перси секілді топ-шабуылшыда жоқ. Алайда соның өзінде Куманның шешімі басқаша болды.

Негізі Куман Люк де Йонг арасы жақсы болатын. «Севильяда» жүрген жерінен «Барселонаға» апарып та ойнатқан осы маман еді. Бірақ бұл жолы көңілі толмады ма, шабуылшыны тізімге енгізбеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам