Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Станислав Черчесов Қазақстанға келді – БАҚ

02.06.2024, 15:19

Қазақстан футбол федерациясы маусым айының басында ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындайтынын хабарлаған еді

Станислав Черчесов Қазақстанға келді – БАҚ
РИА Новости

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстанға ұшып келді. Бұған дейін оның Қазақстан құрамасына жаттықтырушы болатыны туралы сыбыс тараған болатын.

Sport24 хабарлауынша, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасымен келіссөздердің соңғы кезеңін жүргізу үшін Астанаға ұшып кеткен. Келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалады.

Айта кетейік, Черчесов 2021 жылдың шілдесінде Ресей футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Сол жылы желтоқсан айында «Ференцвароштың» (Венгрия) тізгінін ұстаған.

Елімізге танымал актер және комик Нұрлан Қоянбаев болса Ресейден бапкер алдыруға қарсы екенін білдірді. Ол өзінің Instagram-парақшасына Черчесовтің фотосуретін салып, «Керек емес» деп жазды.

Алдын-ала болжам бойынша ресейлік маманға жылына 1,2 млн евро жалақы төленбек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам