Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жетісу» клубының директоры 1,8 млрд теңге жымқырғаны үшін қамауға алынды

03.06.2024, 09:02

Оның аталған қаражатты қандай жағдайда жымқырғаны әзірге айтылған жоқ

«Жетісу» клубының директоры 1,8 млрд теңге жымқырғаны үшін қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Енді бұл ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ресми хабарлады.

«Сот шешімімен тергеу органдарының Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген аталған хабарламада.

Бұған дейін талдықорғандық журналист Дина Балқашқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевты Антикордың бөлімшесіне жеткізгенін жазған еді. Оның 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінгені де айтылды.

Айта кетейік, Қалмұхамет Дөңсебаев ұзақ жылдар Талдықорған футбол федерациясын басқарып келген. Ал «Жетісу» клубының тізгінін 2022 жылы ұстады. Қазір Талдықорған командасы премьер-лигада бесінші орында келеді. Команданы Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам