Әйгілі футболшы Алматының «Қалқаман» шағынауданындағы жеке секторда тұрады
«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы, бразилиялық сұрмерген Жоао Пауло демалысын тиімді пайдаланды. Ол әйелі екеуі бір топ отандасын үйіне шақырып, қонақ етіп күткен. Көңілді кештің фотоларымен футболшы өзінің Instagram-парақшасында блісті.
Айта кетейік, 2 маусым футболшының туған күні. «Қайрат» шабуылшысы 36 жасқа толды. Ол өзінің «жеке мерекесіне» орай үйіне келген қонақтарға кәуап пісіріп берген.
Футболшының жұбайы кезекті рет аяғы ауыр. Сәбиін күтіп жүр. Қонақтар дән риза болып, Жоаоның жұбайына сәбиін аман-есен қол аяғын бауырына алсын деп тілек айтты.
Айта кетейік, Жоао Пауло Қазақстанға 2019 жылы келген. Алдымен Шымкенттің «Ордабасы» клубында ойнады (65 матч, 35 гол). Одан кейін Алматының «Қайрат» клубына ауысты. Премьер-лигада «Қайрат» сапында 67 рет мергендік танытқан.