Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Өз футболшыларымыздың ойнағанын қалаймын»: Спорт министрі легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады

04.06.2024, 16:28

Оның айтуынша, жақын болашақта футбол клубтарының бәрі жекеменшікке өтіп, легионерлердің жалақысын кәсіпкерлер өз қалтасынан төлейтін болады

«Өз футболшыларымыздың ойнағанын қалаймын»: Спорт министрі легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады
TravelPress.kz

Еліміздің Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев liter.kz сайтына берген сұхбатында легионер футболшылардың көптігіне қарсы екенін, өз елімізде отандық футболшылар ойнағанын қалайтынын айтты.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы биыл ҚПЛ-де легионерлер санына қойылған шектеуді алып тастаған болатын. Яғни, енді әр клуб алаңға қалағанынша шетелдік ойыншыларды шығара алады. Бұл өз кезегінде спорт жанашырларының, Мәжіліс депутаттарының наразылығын тудырды.

«Бір жаңалықпен бөліскім келеді. Қазір Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Спорттағы легионерлер туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Бұл заңның нормалары легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға толық тыйым салады. Бұл норма қазірдің өзінде қатты талқылануда.

Әзірге Қазақстан Премьер-лигасында легионерлер ойнап жатыр. Оларға ешқандай лимит жоқ. Легионерлерге қойылған шектеудің алынып тасталуы өзін-өзі қаншалықты ақтайтынын көреміз. Қазіргі кезде стадиондар жанкүйерлерге толық жиналып жатыр. Енді алда ұлттық құрама Армения және Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді. Одан кейін күзде Ұлттар лигасының матчтары бар. Енді осы легионерлердің көптеп келуі ұлттық құрама ойыншыларының шеберлігінің өсуіне қаншалықты әсер ететінін көреміз. Мен Спорт министрі әрі бұрынғы спортшы ретінде елімізде тек отандық спортшылардың ойнағанын қалаймын. Ал клубтық жүйені жекеменшікке беру керек. Инвесторлар қолдарына алып, легионерлерге қалағанынша төлесін. Ол үшін алдымен тауар тартымды болуы тиіс. Бәсекеге сай чемпионат жасай алсақ, инвесторлар келеді. Біз түптің түбінде осыған жетуіміз керек», - дейді министр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам