Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Өзімді эскорт сезініп тұрмын»: Байтана әріптесінен сыйлыққа қомақты қаржы алды

07.06.2024, 10:42

«Ақтөбенің» ойыншысы 32 жасқа толып, достарынан сый-сыяпат алып жатыр

«Өзімді эскорт сезініп тұрмын»: Байтана әріптесінен сыйлыққа қомақты қаржы алды
Ақтөбе ФК

Қазақстандық футболшы, «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана командалас досынан туған күніне қомақты қаржы алды.

6 маусым күні Байтана 32 жасқа толған. Туған күнімен оны достары да құттықтап, ал «Ақтөбедегі» әріптесі Әлібек Қасым сыйлық ретінде 550 мың теңге аударған. 

Әлібек Бауыржанға «Iphone 15 Pro-ның ақшасы» деп хабарлама да жазған. Бұл аударымның скринін Байтананың өзі Instagram-дағы stories-те бөлісіпті.

«Өзімді эскорт сезініп тұрмын. Рахмет, бауырым», - деп әзілдеген футболшы өзінің әріптесін белгілеп.

Бауыржан Байтана – Жамбыл облысының тумасы. 2010 жылы «Тараз» сапында алғаш рет алаңға шықты. Екі жылда 39 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Ал 2011 жылы ол «Атырау» сапына ауысқанымен, алаңда өнер көрсете алмады, сондықтан 2012 жылы «Сұңқар» қатарын толықтырды. Араға бір жыл салып «Тобыл» ойыншысы атанса, бір маусымнан соң «Таразға» оралды. Маусым ортасында «Қайратпен» 2,5 жылдық келісімшартқа отырып, ал 2017 жылдан бастап «Ақтөбеде» ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам