Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Аргентинаның бас бапкері Мессидің құрамадағы болашағы туралы пікірін айтты

07.06.2024, 09:34

Аргентина құрамасы 20 маусым мен 14 шілде аралығында өтетін Америка кубогіне қызу дайындалып жатыр

Аргентинаның бас бапкері Мессидің құрамадағы болашағы туралы пікірін айтты
Getty Images/Global Images Ukraine

Футболдан Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команданың капитаны Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы болашағына қатысты пікір білдірді.

«Месси мансабын аяқтауы мүмкін дегенді ойлағанда аргентиналықтардың бәрі мұңаяды. Қазір ол ойнап жүр, сондықтан біз болашақты ойламай, осы бүгінгі күннен ләззат алуымыз керек. Бұл тек аргентиналықтар үшін емес, бүкіл әлемдегі футболсүйер қауым үшін маңызды. Өйткені, Месси бір ел үшін ғана емес, футболды жақсы көретін барша адам үшін жанын беріп ойнайды», - деді Аргентинаның бас бапкері.

Айта кетейік, аргентиналықтар қазір Америка кубогіне дайындалып жатыр. Аталған жарыс 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-та өтеді.

Лионель Мессидің жасы қазір 36-да. Әлемнің ең үздік ойыншысы «Интер Майами» клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол 30 матчқа қатысып, 28 гол соқты және нәтижелі 22 пас берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам