Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Нұралы Әліп Қазақстанның Армениядан жеңілісінің себебін айтты

08.06.2024, 09:36

Қазақстан аталған ойында 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, төреші қосқан соңғы төрт минутта пенальтиден есепті қысқарта алды

Нұралы Әліп Қазақстанның Армениядан жеңілісінің себебін айтты
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Армениямен болған ойынға қатысты өз пікірін айтты.

Еске салайық, Ереванда болған жолдастық кездесуде армяндар 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Ең алдымен, стадионға бізді қолдауға келген 15 жанкүйерге алғысымды айтамын. Ал, ойынға келер болсам, біз Руслан Тахирұлының тапсырмасын орындай алмадық. Бапкер бізге алғашқы 15-20 минутта гол жіберіп алмауды тапсырған болатын. Алайда, төртінші минутта автогол кіріп кетті. Мұнан кейін біз алға жүгірдік. Анық үш мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Еуроның іріктеу кезеңінде керісінше болған еді, біз өзімізге берілген жалғыз мүмкіндікті 100% пайдаланып отырдық», - деді Әліп Meta-ratings.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Қазақстан аталған ойында 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, төреші қосқан соңғы төрт минутта пенальтиден есепті қысқарта алды. Команданы аталған ойынға бас бапкердің орнын уақытша алмастырған Руслан Балтиев алып шыққан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам