Оның командасы финалда басты қарсылас саналған «Зенитті» жеңді
Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасынының капитаны Юлия Мясникова Ресей Суперкубогында топ жарды.
Бүгінде ЦСКА сапында өнер көрсететін Мясникова өзінің жеңісі туралы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
«Суперкубок бізде!!!! Тілеп алған Суперкубок», - деп жазды Юлия Мясникова.
Финалдық матчта Юлияның командасы «Зенитті» 1:0 есебімен ұтты. Отандасымыз бұл матчта алаңға негізгі құрамда шығып, соңына дейін ойнады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық футболшы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» Ресей кубогының суперфиналында «Балтикамен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ойындағы жеңіс голын 90+5 минутта Нұралы Әліп соқты.