Бұған дейін ол Словения чемпионатында өнер көрсетіп келген
Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов жазда Дания чемпионатына ауысады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.
26 жастағы футболшының трансферін бүгін ресми растайды. Жартылай қорғаушының жаңа командасы «Ақтөбеге» қомақты өтемақы төлейді. Екі жақтың келіссөздері сәтті өткен.
Бұған дейін Оразовқа «Орхус» клубы қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпарат тараған. Клуб қазақстандық ойыншының өнерін 2022 жылдан бері бақылап келеді.
Рамазан өткен маусымда Словения чемпионатында «Копер» клубының сапында бақ сынап көрді. Бірақ кейін «Ақтөбеге» қайта оралды.