Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Еуро іріктеуінде Қазақстанның қарсыласы болған екі құрама тең түсті

16.06.2024, 23:16

Еуропа чемпионатындағы алғашқы тең нәтиже тіркелді

Еуро іріктеуінде Қазақстанның қарсыласы болған екі құрама тең түсті
AFP

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында С тобындағы Словения мен Дания құрамалары кездесті.

Штутгарттағы "МХП-Арена" стадионында  Словения құрамасы тарихи ойын өткізіп, Еуропа чемпионатының тарихында алғашқы ұпайын еншіледі. Бұл осы біріншіліктегі алғашқы тең ойын.

Айта кетейік, екі команда да Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында Қазақстанға қарсы ойнады. Даниялықтар бірінші орынды, ал словендер екінші орынды иеленді. Қазақстан төртінші болып шықты.

Бұл топтың Англия мен Сербия арасындағы екінші матчы Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Ал D тобында Нидерланд құрамасы Польшаны 2:1 есебімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам