Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

Нұрәлі Әліптің «Манчестер Ситиге» ауысатынын айтқан Боранбаевқа ресейліктер күліп жатыр

17.06.2024, 11:04

Нұрәлі Әліптің еуропалық деңгейде ешқашан ойнамағанын атап өтті

Нұрәлі Әліптің «Манчестер Ситиге» ауысатынын айтқан Боранбаевқа ресейліктер күліп жатыр
©ФК "Зенит"

«Қайрат» футбол клубының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ұлттық құрама ойыншысы Нұралы Әліпке топ-клубтар қызығушылық танытып жатқанын айтқан еді. Осы сұхбаттан кейін ресейліктердің тарапынан кекету басталды.

Боранбаев өз сұхбатында Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысына ПСЖ мен «Манчестер Ситиден» керемет ұсыныс бар деген еді.
Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Угаров Vprognoze.ru сұхбатында «Қайрат» клубының басшысын «Фантазер» деп атады.

«Фантазер» әнін қосып, тыңдау керек. Бұл енді күлкілі әңгіме. Меніңше, Нұрәлінің келісімшартын ұзарту үшін айтылған сөз. Әліпті сонда қайда көрмек? Ол ешқашан еуропалық деңгейде ойнаған жоқ. Тек Қазақстан құрамасымен барған болар. Бірақ Қазақстан Еуропа чемпионатына да жолдама алмады. Әліпке алдымен «Зениттің» негізгі құрамын иелену керек. Әйтпесе, қазір оның шамасы Чемпиондар лигасының орта деңгейлі командасына да жетпейді. Егер бірдеңеге көңілі толмаса, Қазақстанға оралып, «Қайратта» ойнай берсін», - дейді Угаров.

Айта кетейік,  «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Артур Асқарұлына берген сұхбатында Нұралы Әліп Франция мен Англия чемпионаттарының бірінде доп тебуі мүмкін екенін айтқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам