Оның қалыңдығы – елге танымал актриса
«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет некесін қиды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
23 жастағы футболшының таңдағаны актриса Нұрсұлу Ізбасарова болып отыр. Олар 14 қараша күні мешітте некесін қиғаны белгілі болды.
Екі жас осыдан алты жыл бұрын танысқан көрінеді. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы тамыз айының соңында Алматының орталық стадионында өткен «Астанаға» қарсы ойында сүйіктісіне ұсыныс жасаған болатын.
Әзірге жас жұбайлардың үйлену тойы қашан өтетіні белгісіз.