Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Футбол мен киноға үкіметтен есепсіз ақша кетіп жатыр – Нұрлан Қоянбаев

16.11.2023, 10:56

Жұмсалған қаражаттың қайтарымы болмады дейді ол

Белгілі артист, режиссер Нұрлан Қоянбаев футболға бөлінетін қисапсыз қаржының босқа кетіп жатқаны туралы айтты. «Бірінші бол» жобасына сұхбат берген өнер иесі футбол мен кино түсіруге мемлекеттен бөлінген қаржының сұрауы жоқ екенін мысалға келтірді.

Ол облыс орталықтарындағы футбол клубтарына бөлінген қаржының әлі күнге ақталғамағанын айтып отыр. Отыз жыл өтсе де спорттағы қаржының тиімді жұмсалмай отырғанына алаңдауымыз керек дейді.

«Облыстардағы стадионда футбол кезінде небәрі 500-1000 адам ғана отырады. Ал ол клуб облыстың бюджетінен қаржыландыратын команда. Сол аймақта сіздің анаңыз я әжеңіз тұруы мүмкін. Олардың футболға қатысы болмаса да салық төлеп, сол футбол клубын қаржыландырып отырғанын білмейді. Және анаңыз ол ойынды мүлдем көрмейді. Сонда біз стадионға баратын 500 адамға бола миллиондаған доллар жаратамыз ба?», - деді Н.Қоянбаев.

Ол футболға жыл сайын берілетін қаржы көлемін үкіметтен киноға бөлінген қаржымен салыстырды.

«Жалпы бізде Қазақстанда қаржы әкелетін индустрия жоқ. Құны қымбат телеарнамыз да бар деп айта алмайыз. Чемпиондар лигасынан 100 млн доллар ұтып жатқан клубтар тағы жоқ деген сияқты мысалдар жетіп артылады. Мысалы, 30 жылда футболға миллиартаған доллар кетті. Салыстырмалы түрде кино саласында да 2 млрдтай ақша кеткен екен. Халықтың ақшасына кино түсеретін кейбір режиссерлер «Аватар» сияқты 15-20 киноның бюджетті жаратып үлгерген. Қазір қоғамда көбісі комедияны сынап жатады. Шынын айту керек, комедия біздің елде өте жақсы дамып келеді. Құдды Еуропадағы спорт секілді деуге болады. Оған жеке компаниялар ақша салады. Комедия түсіреді. Арасында онша емес комедиялар да бар. Одан кейбіреулері ұтылады. Сосын олар түсірмейді. Жыл сайын 300-500 мың доллар жоғалта бермейді ғой енді. 5-6 жылда онша еместер айналымнан қалады. Комедия жанрының елімізде болашағы бар. Қазір Қазақстанда көңіл көтеретін бағыттағы жобалар жақсы дамып жатыр. Ал Үкіметтің ақшасын алып үйреніп қалған режиссерлер олар қарап отыр. Біз олардың бақшасына әлі түспедік. Соған қарамастан олар әлі алып жатыр. Кеше бір режиссер 2 млн долларға ауылға барып кино түсіріп келген екен. Мен Бразилияға барып түсірдім. Жол шығыны өте қымбат. Бір адамға билет 3 мың доллар тұрады. Бразиялия барып, анаған, мынаған деп төледік. Барлығы 375 мың доллар болған соң маған өте ауыр болды. Ал әлгі режиссер үкіметтен 2 млн доллар алып, кино түсірді. Ауылда ол ақшаны қай жерде жаратады? Бизнес деген бізде емес, сол кісілерде», - дейді өнер иесі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам