Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы Шымкентке жету туралы айтты

18.06.2024, 22:04

«Петрокуб» клубының бас бапкері Андрей Мартин пікірін білдірді

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы Шымкентке жету туралы айтты
MOLDOVA.sports.md

Молдованың «Петрокуб» клубының бас бапкері Андрей Мартин Moldfootball.com сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының бірінші раундындағы қарсыласы жайлы ойын ортаға салды. 

Бұдан бөлек ол Шымкенттің «Ордабасы» клубымен сырт алаңда өтетін матч туралы да сөз етті.

— Қазақстанға жету кәдімгідей қиын. Көбісі қарсыластың өзінен емес, жолдан қиналады. Сіз де солай ойлайсыз ба?

— Қарымта ойында қарсылас та дәл сол жолды жүріп өтеді. Олардың да жолы жақын емес. Екі команда да тең жағдайда. Тек ол жақтағы климаттың қандай болатынын білмеймін. Меніңше, шілдеде Қазақстанда біз үшін аса қолайлы ауа райы болмайтынын сезіп тұрмын. Бірақ бізге бейімделіп, лайықты өнер көрсету қажет. Бастысы, алға қойылған міндеттерді орындауымыз керек, - деді бас бапкер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам