Екі жақты полицияның араласуы ғана тоқтатты
Түркия мен Грузия құрамаларының жанкүйерлері немістің Дортмунд қаласындағы стадионда төбелесті.
Қақтығыс құрамалардың футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің ойыны алдында болған.
Кездесу басталуға бір жарым сағат қалғанда трибуналардың бірінде жанкүйерлер қақтығысты.
Тілші Тарик Панья жариялаған видеода тараптардың бір-біріне әртүрлі заттар лақтырып, ал алдыңғы қатардағылардың төбелесіп жатқанын көруге болады. Екі жақты полицияның араласуы ғана тоқтатты. Тәртіп сақшылары екі трибуна арасына кордон қоюға мәжбүр болды.