Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Филиппо Индзаги 51 жасында үйленді

19.06.2024, 17:43

Некелесу рәсіме танымал жұп достары мен жақындарын шақырған

Филиппо Индзаги 51 жасында үйленді
chiexclusive.com

Танымал футболшы Филиппо Индзаги мен оның сүйіктісі Анжела Робусти Испанияда үйлену тойын өткізді.

Танымал футболшы мен сүйіктісі жеті жылдан соң қарым-қатынастарын заңдастырған. Филиппо мен Робустидің 3 жасар Эдоардо деген ұлы мен және 1 жасар Эмилия деген қызы бар. Аяқдоп шебері 51 жаста болса, оның жұбайы 34-те. 

Некелесу рәсіме танымал жұп достары мен жақындарын шақырған, ал үлкен той 24 маусымға жоспарланған. Қонақтар арасында Пиппоның Бобо Вьери до Пиппо Панкаро, Массимо Оддо, Роберто Баронио, Паскуале Фоджа, Николас Виола, Массимо Кода, Алессандро Туя, Риккардо Бигон, Фабио Паратичи секілді әріптестері бар.

Филиппо Индзаги – италиялық футболшы әрі бапкер. Ол алаңда шабуылшы болды. 2006 жылғы әлем чемпионы, Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы, 2007 жылғы клубтық әлем чемпионатында топ жарған. Сол кезде финалда ол екі гол соқты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам