Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Еуро-2024: Бір құрамада 14-нөмірлі екі ойыншы алаңға шықты

20.06.2024, 09:18

Түркия футболшылары жанкүйерлердің қызу талқысына түсті

Еуро-2024: Бір құрамада 14-нөмірлі екі ойыншы алаңға шықты
UEFA

Түркия мен Грузия арасындағы матч өте тартысты өткенімен қатар тағы бір ерекше сәтпен есте қалды.

Бір құрама сапында алаңға 14-нөмірлі екі бірдей ойыншы шықты. Осылайша, Түркия футболшылары жанкүйерлердің қызу талқысына түсті.

Жоғарыдан түсірілген кадр желіде де тарап кетті. Грузиялық жартылай қорғаушы Георгий Кочорашвили соққы бағыттағанда, көзі қарақты көрермен қарсылас командадағы ойыншының киіміндегі сандардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаған. Сөйтсе, түркиялық қорғаушы Самет Акайдын шатасып кетіпті. Оның жейдесіндегі 4-нөмір – дұрыс, ал шолақ шалбарындағы 14-нөмір – қате.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам