Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Күн өтіп кетті». «Тобыл» клубының иесі команданың оңбай жеңілуінің себебін түсіндірді

20.06.2024, 11:15

Қостанайлықтар мұнайлы өлкенің командасынан 0:4 есебімен ұтылған

«Күн өтіп кетті». «Тобыл» клубының иесі команданың оңбай жеңілуінің себебін түсіндірді
http://kazfootball.kz/

Қостанайдың «Тобыл» клубының тең төрағасы Әлімжан Қалдияров клубтың «Атыраудан» оңбай жеңілуінің себебін түсіндірді.

Естеріңізде болса, Қазақстан кубогының қарымта матчында қостанайлықтар мұнайлы өлкенің командасынан 0:4 есебімен ұтылған.

«4:0 – бұрын-соңды мұндай есеп тіркелмеген. Кейбіреулер мұны белгілі бір ойыншылардың қателігі десе, енді бірі бапкерлер штабының тактикалық қатесі деп отыр, енді бірі командадан 3 мың шақырым алыста отырған мені кінәлайды.  «Шынайы себеп бар, бұл – сандар. Негізгі құрамның алты ойыншысы жарақатына байланысты «Атыраумен» ойынға барған жоқ. Бірінші таймда үш футболшымыз бастарынан күн өтіп, бапкер оларды ауыстыруға мәжбүр болды. Команданың басқа өкілдері де күн өтіп жоғары деңгейдегі футболды көрсете алмады. Біреуді лайықты ойнай алмады немесе қателік жасады деп айыптауға болмайды, бұл жерде мәселе футболшылардың күрделі ауа райы жағдайында ойнауға қаншалықты дайын болғандығында. Әрине, күн екі командаға да бірдей түседі, алайда бір команда мұндай жағдайға әбден бейімделген, екіншісі мұнда кеше ғана ұшып келді. Негізгі құрамның он ойыншысы жоқ кезде алаңда өнер көрсету қиын. Матч уақытын кешке ауыстыруға да болушы еді, дегенмен «Атыраудың» стадионында жарық жоқ, сондықтан олар күннің ыстығында да ойнауға мәжбүр. Біз бұл жеңілісті мойындап, қорытынды шығаратынымыз анық. Атырауда өтетін алдағы кездесуде команда жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймын», - деді Қалдияров.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам