Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч кейінге шегерілуі мүмкін

21.06.2024, 19:03

Бұған дейін «Атырау» «Тобылды», «Ақтөбе» «Елімайды» жеңіп финалға шыққан болатын

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч кейінге шегерілуі мүмкін
Ақтөбе ФК

Футболдан Қазақстан кубогінің финалдық ойыны 14 шілдеге жоспарланған. Алайда, матч кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы «Серый CARDINAL» Telegram-каналы жазды.

Есте болса, жартылай финалдық матчтарда «Атырау» өз алаңында қостанайлық клубты қабылдап, қарсыластарын 4:0 есебімен жеңген еді.  Ал, «Ақтөбе» сырт алаңда «Елімайда» 1:2 есебімен жеңіліп, қос ойынның нәтижесімен финалға шығып кетті.

Айта кету керек, «Ақтөбе» биыл еурокубок ойындарына қатысады. Осыған байланысты 14 шілдеге жоспарланған Қазақстан кубогінің финалы кейінге шегерілуі мүмкін. Өйткені, 11 шілдеде «ақ-қызылдар» өз алаңында босниялық клубпен кездесу өткізсе, араға бір салып дәл осы командамен Сараевода қарымта матч ойнайды.

Әзірге Қазақстан футбол лигасы бұл өзгеріске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам