Енді УЕФА алдағы ойындарда қауіпсіздік шараларын күшейтеді
Еуро-2024 чемпионаты кезінде Португалия мен Түркия арасында өткен матчта 10 жасар Берат есімді бала португалдық футболшымен суретке түсу үшін ойын алаңына жүгіріп шыққан.
Әкесінің сөзінше, Дортмундта болған ойынның соңында ол дәретханаға барамын деп сұранған екен. Артынша жасыл алаңға жүгіріп кеткен.
«Ол маған дәретханаға барамын деп айтқан. Кенеттен оны қосалқы ойыншылар отыратын жақтан көрдім. Сол жерден алаңға қарай жүгіріп кетті», - дейді ол.
Бала кумирын көріп үлгерген, тіпті онымен фотосуретке де түсіп үлгерді. Ал, УЕФА бұл жайтқа қатысты қатаң шешім қабылдап отыр. БАҚ өкілдерінің бірі Бераттың Еуроның қалған ойындарын көру құқығынан айрылды десе, Bild басылымы кішкентай жанкүйерге ауызша ескерту ғана берілгенін жазды.
Бұдан бөлек, Португалия мен Түркия арасындағы кездесудің өзінде 5 бірдей көрермен Криштианумен суретке түсу үшін алаңға жүгірген.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV