Жас футболшы Еуропа чемпионатында екі матчқа қатысып үлгерді
Футболдан Испания құрамасының жас жұлдызы, 16 жастағы Ламин Ямаль Еуро-2024 аясында екі матчқа қатысып үлгерді. Германия заңдарына сәйкес, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер жергілікті уақытпен 23:00-ден кейін жұмыс істей алмайды. Runasport.com мәліметінше, заңды бұзғандарға 30 мың еуро көлемінде айыппұл қарастырылған.
Ал 18 жасқа дейінгілердің бәрін қамтитын жастарды қорғау туралы неміс заңнамасына сәйкес, жасөспірімдер жергілікті уақыт бойынша 20:00-ден кейін жұмыс істеуге құқығы жоқ. Тек жас спортшыларға 23:00-ге дейін уақыт берілді. Сөйте тұра Еуропа чемпионаттары ресми түрде 23:00-де аяқталғанымен, футболшылар матчтан кейін басқа іс-шараларға да қатысатынын ұмытпау керек.
Bild басылымы әзірге жергілікті билік заң бұзғандарға қатысты ешқандай шара қолданбағанын жазды.
Естеріңізде болса, Ямаль Испания сапында Хорватия және Италия құрамаларына қарсы ойындарға қатысты. Жас аяқдоп шебері бір нәтижелі паспен көзге түсіп, Еуропа чемпионатының бірнеше рекордын бұзып үлгерді.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV